Жанкин А. А. Алматы мемлекеттік медицина институтының (АММИ) емдеу факультетін 1984 жылы үздік бітірді. 1984-дан 1986 жылға дейін Москва қаласындағы КСРО МҒА «ревматология» мамандығы бойынша мақсатты клиникалық ординатурада оқыды. 1986 жылдан 1389 жылға дейін «ревматология » мамандығы бойынша АММИ аспирантурасының күндізгі оқуда болып, жұмысын Москва қ. КСРО МҒА-ның ҒЗИ клиникалық ревматология зертханасында орындады. 17 қараша 1989 ж. Москва қ. КСРО МҒА-ның ҒЗИ-да «Клинико-фармакокинетическое исследование различных способов применения индометацина в терапии ревматоидного артрита» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғады. Аспирантураны бітірген соң 1986 ж. ноябрьден бастап С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында (ІАПК) ассистент болып жұмыс істеді. 2001 ж 11 ноябрьде ҚазҰМУ ректордың бұйрығымен ІАПК доцент лауазымына тағайындалды. 2003 ж. 7 октябрьде ҚР ЖАК шешімімен А.А. Жанкинге доцент атағы берілді ҚазҰМУ ІАПК жұмыс барысында (1989-2017) А.А. Жанкин ішкі ауррулары пропедевтикасынан (ІАП) емдеу, педиатрия, стоматология факультеттері және «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне практикалық сабақ жүргізді «Жалпы медицина» факультетінің және стоматология факультеттерінің студенттеріне ІАП бойынша, сонымен қатар стоматология факультетінің 3 курс студенттеріне ішкі аурулар бойынша лекцияларды оқыды. Ағылшынтілді шетел студенттеріне ағылшын тілінде лекцияларды оқыды және практикалық сабақ жүргізді. Кейбір сабақтарды проблемаға бағытталған оқыту (ПБО) әдістеме бойынша жүргізді. ІАП емтихандарды ынталандырылған құрылымдық клиникалық емтихан (ЫҚКЕ) түрінде қабылдаған ІАП бойынша Интеграциялық Жұмыс Бағдарламасы мен Силлабусты дайындауға қатысты. ІАП жеке бөлімдері бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар және емдеу мен педиатрия студенттер үшін нұсқаулар дайындалды, соның ішінде ағылшын тілінде жазылғаны бар. Стоматология факультетінің 3 курс студенттеріне арналған ішкі аурулары бойынша әдістемелік құрал дайындалып шығарылды. 2016 ж. 2017 жылға дейін ҚазҰМУ ІАП кафедрасының меңгерушісі болған. А.А. Жанкин 70 ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының авторы. Педагогикалық енбегінің стажы – 28 жыл, жалпы стаж – 33 жыл. 2022 ж. 1 сентябрь күнінен бастап аль-Фараби атындағы ҚазҰУ мед. факультетінің Жоғарғы Медицина Мектебіндегі фундаменталды медицина кафедрасының доценті.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Алматы мемл.медицина инст.
Жоғары
1984

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
07.02.1990

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
07.10.2003
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0